Әлем • 08 Ақпан, 2021

Үндістандағы мұз көшкінен 150-ден астам адам жоғалып кетті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Уттаракханд штатында мұз көшкіні болып, 150-ден астам адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Үндістандағы мұз көшкінен 150-ден астам адам жоғалып кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша жоғалып кеткендердің көпшілігі Ришиганг су электр стансасының жұмысшылары.

Гималай тауларының Алакнанда мен Дхаулиганга өзендеріне үлкен мұз массалары түсіп, ол Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында су тасқынына себеп болды. Төменде орналасқан Сринагар, Ришикеш және Харидвар қалаларындағы су электр станциялары шұғыл түрде суды ағызып жатыр.

Құтқарушылар жеті адамның денесін тапқан. Қазіргі уақытта апат аймағында жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ өзеннің жанында орналасқан елді мекендерде автокөлік және темір жол көпірлерін салу жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің өміріне де қауіп төнген.

Тасқынға байланысты билік су электр стансасының астында орналасқан елді мекендерді эвакуациялай бастады.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ