Экономика • 08 Ақпан, 2021

Елімізде ең көп жалақыны кімдер алады?

2720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы  14,3%-ға жоғарылап, 233,1 мың теңгеге жетті. Инфляцияны ескергенде шынайы өсім 6,5%-ды құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2019 жылдың осы кезеңінде отандастарымыздың орташа айлығы 203,9 мың теңге болатын, деп хабарлады Egemen.kz.

Елімізде ең көп жалақыны кімдер алады?

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркелген. Облыс тұрғындары орта есеппен айына 377,4 мың теңге алады. Бұл еліміздегі орташа айлықтан 61,9% жоғары. Одан кейінгі орында елорда (349,6 мың теңге) мен Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге). Ең төменгі орташа айлық Түркістан облысында (166,7 мың теңге) тіркелген. Одан кейінгі орында Жамбыл (168,8 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (168,9 мың теңге) облыстары.

Сонымен қатар еңбек ақы бойынша мамандықтар арасында үлкен айырмашылық бар. Мәселен, тау-кен саласында жұмыс істейтіндерде ең жоғары (472,3 мың теңге) айлық тіркелген. Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру (422,6 мың теңге) саласы.

Ал сумен қамту (145,7 мың теңге) және ауыл шаруашылығы (147,7 мың теңге) мамандары орта есеппен ең төменгі жалақы алады.  Сондай-ақ білім беру саласында еңбек ететіндердің айлығы орта есеппен 176,5 мың теңге. Бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен 24,3% төмен. Денсаулық сақтау саласы мамандарына ай сайын  197,4 мың теңге төленеді.    

Осылайша елімізде ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы мұнайшылар мен қаржыгерлерден 2 есе төмен. 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15