Футбол • 13 Қаңтар, 2021

«Ақжайық» командасына бас бапкер келді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина маманы Владимир Мазяр еліміздегі «Ақжайық» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ақжайық» командасына бас бапкер келді

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, В.Мазяр бұдан бұрын да команданы жаттықтырған болатын. 2018 жылғы маусымда украиналық маман бас бапкер болған кезде «Ақжайық» премьер-лигада тоғызыншы турдан кейін алтыншы орында тұрған еді.

В.Мазярдың ойыншы ретінде де тәжірибесі мол. Спорттық жолында түрлі командаларда 300-ден астам матч өткізген шабуылшы 79 гол соқты. Украина, содан кейін Әзербайжан чемпионаттарында өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Өз елінде 43 жастағы маман «Сталь» (Днепродзержинск), «Верес» (Ровно), «Рух» (Винники), «Полесье» (Житомир) командаларын жаттықтырды. Өз клубтарының шеберлігін арттырып, екінші лигадан біріншіге, бірінші топтан Украинаның премьер-лигасына алып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025