Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Алматыда ауа райы салдарынан 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда ауа райы салдарынан 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды

«Түнгі сағат үштен бастап қалада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның алтауында адамдар зардап шекті. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық. Кептеліс құбылыстары бар, көліктердің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар туындатады, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламайды. Ал жаяу жүргіншілер жолды тыйым салынған жерден кесіп өтеді. Бұл факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді», деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Айта кетейік, бүгін түнде Алматыда қалың қар жауды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025