Экономика • 12 Қаңтар, 2021

2021 жылы қандай банктік депозит тиімдірек болады?

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік сарапшы 2021 жылы қандай банктік депозит тиімдірек болатынын айтты. Бұл туралы  РИА басылымы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

2021 жылы қандай банктік депозит тиімдірек болады?

«Қазір депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі төмен, яғни бұл жағдай инфляциядан үнемдеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ жағдай басқаша болып кетуі мүмкін», деді Klopenko Group компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Иванов.

Сарапшы инфляция деңгейі шамамен 5% болған кезде депозит кіріс әкелмейтінін айтты.

- Әрі тиімсіз болады дегенді білдіреді. Доллардағы депозиттер бойынша жағдай ұқсас - ставкалар тым төмен. Сондықтан, егер сіз депозитке ақша үнемдегіңіз келсе,ең жоғары пайыздық мөлшерлемені ұсынатын банктерге хабарласқаныңыз жөн. Алайда бәрі өзгеруі әбден мүмкін, деп толықтырады сарапшы.

Егер реттеуші 2021 жылы шешуші мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдаса (қазір ол 4,25% деңгейінде), бұл банктердегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі.

«Бұл жағдайда тұтынушыларға ең жоғары пайыздық мөлшерлеме мен пассивті кіріске кепілдік беретін банк құрылымын таңдау керек», деп атап өтті қаржыгер.

 

Аида Оралбек