Президент • 10 Қаңтар, 2021

Мемлекет басшысы АҚШ-тағы ахуалға қатысты пікір білдірді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та Президент сайлауынан кейін орын алған ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы АҚШ-тағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде таңдау жасағаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Әлбетте, бүкіл әлем сияқты Қазақстан да Америка Құрама Штаттарында орын алған жайтты жіті бақылап отыр. Сайланған Президент Джо Байден жасаған қорытындымен келісу қажет деп санаймын. Америкалық демократияның қамалы – Капитолияны басып алу заңсыздық экстремизм екендігі сөзсіз. Заңсыздық пен экстремизмге қатысты тиісті шара қолданылуы тиіс. АҚШ Президенті Джо Байден жасаған қорытынды өзге де елдерге қатысты қолданылады деп үміттенемін. Және де бұл қорытынды әмбебап болады», деп айтып өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас тұрақты дами түсетінін баса айтты.

«АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. Сондықтан біздің тарапымыздан өзара қарым-қатынастарымызда жинақталған барлық позитивті сақтауға және алға жылжуға қажетті күш-жігер қабылданады», деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025