Руханият • 13 Желтоқсан, 2020

Торонтода Қазақ мәдениеті орталығы ашылды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың ең ірі қаласы Торонтода Қазақстан Консулдығында "Қазақ мәдениеті мен қазақстандықтар орталығы" ашылды,деп хабарлайды Egemen.kz

Торонтода Қазақ мәдениеті орталығы ашылды

Онлайн форматта өткен шара Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орайластырылды.

Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов диаспораны көптен күткен қазақ мәдениеті орталығының ашылуымен құттықтап, бұл іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында өткені ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Елшілік Орталықты қазақ диаспора өкілдері мен Канаданың әртүрлі қалаларында тұратын қазақстандықтар үшін, сондай-ақ қазақ халқының тілі, мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен тереңірек танысқысы келетін канадалықтар үшін ашып отыр", деді отандық дипломат.

Орталықта қазақ тілін оқу мен мәдениетімен танысумен қатар, Канададағы отандастарымызды біріктіру мен жақындасуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Ашылу рәсімінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Марат Мақсұтов Абайдың әндерін шырқап, кездесу қонақтарын өз өнерімен риза қылды. Қазақ диаспорасының өкілі, әнші Әлия Седекқызы іс-шараға қатысушыларды бұлбұл дауысымен тәнті етті, ал домбырашы Қыранбек Алтанұлы домбыраны шеберлікпен ойнауымен және әндерімен кең байтақ қазақ даласының рухын жеткізе білді.

Қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары Абайдың өлеңдерін қазақ, ағылшын, француз және орыс тілдерінде оқыды.
Бейресми бағалауларға сәйкес, қазіргі кезде Канададағы қазақ диаспорасының саны 12 мыңнан астам адамды құрауы ықтимал. Олардың көпшілігі Канададағы ірі қалаларда – Торонто, Монреаль, Ванкувер, Калгари және Оттавада тұрады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше