Оқиға • 13 Желтоқсан, 2020

Автокөлікті ұрлаған күдікті ізін суытпай ұсталды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полициясына желтоқсанның 7-нен 8-не қараған түні Володарский көшесіндегіаулалардың бірінен күрең қызыл түсті ВАЗ-2115 маркалы көліктің ұрланғаны туралы хабар түскен,деп хабарлайды Egemen.kz

Автокөлікті ұрлаған күдікті ізін суытпай ұсталды

Бағдар барлық патрульдерге жіберілді. Сағат 9 кезінде патрульдік полиция батальоныныңинспекторлары, аға лейтенант Нарасан Әміржановпен лейтенант Бахтияр Алпыспаев іздеудегіавтокөлікті Шал ақын ауданының орталығыСергеевка селосының маңында, "Жезқазған-Петропавл" автожолының 794 шақырымындатоқтатқан. Бұл Петропавл қаласынан 160 шақырымдай жер.

Рөлде 1998 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны болған. Оқиға орнына Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, жүргізуші автокөлікпен бірге аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Машинаны ұрлаған Петропавл қаласының 22 жасар тұрғыны болып шықты. Қазір оның үстінен ҚК 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша іс қозғалып, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59