Қоғам • 11 Желтоқсан, 2020

Елордада 13 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 13 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтайды

"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", деп хабарлады CTS.

Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды.

Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтау және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.