Руханият • 02 Желтоқсан, 2020

Ералы Тоғжанов Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновті қабылдады

742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII "Балалар Евровизиясы" əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белдеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ералы Тоғжанов Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновті қабылдады

Ералы Тоғжанов пен министр Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII "Балалар Евровизиясы" əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индигоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-жекпе-жегін өткізген отанымыз алғашқы алтын белдеуін иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025