Қаржы • 19 Қараша, 2020

Салықты қосымша есептеу заңсыз деп танылды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнес-омбудсменнің көмегімен кәсіпкердің құқықтары қорғалды және салық органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Салықты қосымша есептеу заңсыз деп танылды

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновке Алматы қаласындағы ірі компаниялардың бірі "Global Chemicals Company" ЖШС жүгінді.

ЖШС Мемлекеттік кірістер департаментінің іс-әрекетіне қатысты шағым түсірді, ал Мемлекеттік кірістер департаментінің пікірінше, компанияның контрагенттермен нақты экономикалық қарым-қатынасы болмағандықтан, салықты заңсыз қосымша есептеу орын алған.

Бұл мәселе бойынша Алматы қаласында салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы сот актісі шығарылды, алайда салық органы сот актісіне қатысты Жоғарғы Сотқа шағым түсірді.

ЖШС-нің заңды құқықтарын қорғау барысында бизнес-омбудсмен Жоғарғы Сот Төрағасына кәсіпкерді жеке қабылдау туралы өтінішпен жүгінді, сондай-ақ Жоғарғы Соттың сот алқасына Мемлекеттік кірістер органдарының кассациялық шағымын қанағаттандырмау туралы өтінішхатқа қосымша жіберді.

Жоғарғы сотта қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 244 млн теңгеге жуық салықты қосымша есептеу заңсыз деп танылды.