Оқиға • 19 Қараша, 2020

Шеберлер үйі ашылады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шеберлер үйін ашу – жергілікті қолөнершілердің көкейіндегі арман. Осы арман орындалып, Нұр-Сұлтанда «Шеберлер үйі» ашылатын болды. Тұрақты орынжай мен бөлек ғимарат болса, шебердің айы оңынан туғаны.

Шеберлер үйі ашылады

«Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады және әлеу­меттік бейімделуге, курстарда дағды­ларды алуға және тұрақты жұмыспен қамта­масыз етуге бағытталуы тиіс. Жаһандану жағ­дайын­да қазіргі заманғы саналы ұрпақты қа­лып­тастыру және жеке тұлғаны тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі», деді «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы атты «Birgemiz» IX Аза­маттық форумы кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Бүгінде елордада бірнеше үкіметтік емес ұйым қазақтың дәстүрлі қолөнерін жан­дандыру бағытында жұмыс істейді. «Ас­тана-Береке», «Путь мастерства» сынды бірлестіктер елорда мектептерінің оқу­шылары үшін қолөнермен айналысатын ақысыз үйірмелер өткізеді. Сондай-ақ көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар қолөнерді ақысыз негізде оқиды. Олар матамен және ағашпен, зергерлік бұйымдармен жұмыс жасауды үйренеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35