Аймақтар • 14 Қараша, 2020

Алматыда қару-жарақ жасайтын жасырын цех анықталды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қару-жарақ жасайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда қару-жарақ жасайтын жасырын цех анықталды

Алматыда ірі операция нәтижесінде қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді.

"Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақзат ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жарақтарға баллистикалық сараптама тағайындалды", деді қалалық ПД баспасөз қызметінен. Сараптама қорытындысына сәйкес қарудың кімге тиесілі екені анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10