Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Шығыста жедел жәрдем көлігі 2,5 есеге артады

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облысымызда шығарылған 60 жаңа жедел жәрдем көлігі Өскемен және Семей қалаларындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханаларының станцияларына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыста жедел жәрдем көлігі 2,5 есеге артады

Су жаңа көліктер өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі баллондарымен, дефибрилляторлармен, пульсоксиметрлермен қамтылған.

Жалпы, биыл біздің облысымыз жедел әрекет ету қызметтерінің 216 жаңа жедел жәрдем көлігіне ие болады. Қазіргі уақытта өңірде 147 жедел жәрдем көлігі барын ескерсек, олардың саны енді 2,5 есеге артты.

Шығысқа келген 60 көліктің 40-ы Өскемендегі облыстық, 20-сы Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханаларына жеткізілді. Қарашаның ортасына қарай қалған 40 көлік келеді. Желтоқсанда тағы 116 санитарлық автокөлік алынып, олар қалған қалалар мен аудандарға таратылмақ. 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35