Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Бекет атаның 270 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының Yessenov University базасында Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған "Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бекет атаның 270 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

Оған Маңғыстау облысының әкімі, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген теолог-ғалымдар, саясаттанушылар, философтар мен дінтанушылар, сондай-ақ Yessenov University профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

Биыл елімізде көрнекті философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай Yessenov University қабырғасында Әл-Фараби және Абай атындағы 500 орындық екі оқу дәрісханасының ашылуы өтті. Өңір басшысы университет студенттері мен оқытушыларын айтулы оқиғамен құттықтады.           

14

Конференция отырысы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілді. Танымдық шараның нәтижелі өтуіне ілтипат білдірген саяси ғылымдар докторы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев видео құттықтау жолдады. Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан жəне Түркияның Стамбұл, Өзбекстанның Хиуа қалаларынан ғалымдар қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ "Бекет Ата танымындағы Адам мен Ғалам концепциясы", "Бекет Ата жəне қазақтың көркемдік-эстетикалық танымы" бағыттары бойынша секция жұмыстары жүргізілді. Оған еліміздің əр өңірінен ынта білдірген ғалымдар мен Yessenov University профессор-оқытушылары, ғылыми қызметкер қатысты.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шараға Бекет Ата туралы ізденіп, ғылыми зерттеу жүргізген 10 ғалымның баяндамасы оқылды. Ғалымдар Бекет Ата өмірі мен өнегесін зерттеп-зерделеу жұмыстарын  жалғастыра беретіндерін айтты.