Қазақстан • 01 Қазан, 2020

Қандас жастар Қазақстанда бас қосты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Отандастар қоры" КеАҚ, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ және "Жас қазақ" халықаралық жастар ұйымының ұйымдастыруымен 20-23 қыркүйек күндері Шымкент және Түркістан қалаларында "Киелі Қазақстан" жобасы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қандас жастар Қазақстанда бас қосты

Жоба мақсаты – қандастарды Қазақстанның көрнекті жерлерімен, "Жалпыхалықтық мәндегі Қазақстанның киелі географиясы" көпфункционалды виртуалды картасының жобасымен таныстыру, заманауи Қазақстанның жетістіктері, мәдени-гуманитарлық алмасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат беру.

Жобаға Қазақстанның ЖОО-ларында білім алып жатқан қандас студенттер қатысты. Іс-шара аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қандас жастардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы киелі жерлерге экскурсияға барып, туған өлкенің терең тарихымен танысты.

Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтап, жастар арнайы мамандардың бақылауында болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Киелі Қазақстан" жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үшінші рет өткізілді. 2018 жылы Түркістан қаласында, ал 2019 жылы Ақтау қаласында өтті.