Елорда • 29 Қыркүйек, 2020

КВИ қайта өршіген жағдайда төсек-орын қалай бөлінеді?

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирус қайта өршіген жағдайда 5 мыңнан астам төсек-орын жабдықтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ қайта өршіген жағдайда төсек-орын қалай бөлінеді?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясы қайта өршу қаупі болғандықтан, дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, елордада арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Спикердің айтуынша, коронавирус қайтадан басталған жағдайда стационарларда төсек-орындарды орналастыру үш кезеңде жүргізіледі.

"Бірінші кезеңде жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдардан шамамен 1645 төсек-орын алу көзделіп отыр, олар бүгінде инфекциялық аурулары бар пациенттерді қабылдайды. Республикалық ұйымдардың күшімен тағы 1919 төсек орны ашылады. Емханалар, жатақханалар мен қонақ үйлер ресурстарынан тағы 2500 төсек-орын орналастыру мүмкіндігі бар. Осының барлығы инфекциялық төсек санын 5654-ке дейін кеңейтуге мүмкіндік береді, оның 441-і реанимациялық", деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас дәрігері бүгінгі таңда қалада күн сайын КВИ-мен ауыратын үштен жиырмаға дейін науқас түсетінін хабарлады және халықты санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше