Әлем • 28 Қыркүйек, 2020

Таиландта төтенше жағдай режимі қайта ұзартылды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд коронавирус пандемиясына байланысты 26 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимін тағы бір айға, яғни, 31 қазанға дейін ұзартатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Таиландта төтенше жағдай режимі қайта ұзартылды

Мұндай шешім Таиланд премьер-министрі генерал Прают Чан-Очаның төрағалығымен өткен коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ұлттық орталықтың отырысында қабылданған.

"Бұл төтенше жағдай режимінің осымен алтыншы рет ұзартылуы. Әлемдегі эпидемиялық жағдай әлі жақсарған жоқ. Қазірдің өзінде 33 миллионнан астам адам індет жұқтырды, миллион науқас қайтыс болды", - деді ол.

Таиландта соңғы үш айда жергілікті тұрғындардан тек екі адам коронавирус жұқтырған. Ал қалғаны аталған елге шетелден келген жергілікті және шетелдік азаматтардан анықталған.

Айта кетейік, мұнда пандемия басталғалы бері 3545 адам коронавируспен ауырды, 59 адам қайтыс болды, 3369 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта ауруханаларда 117 адам коронавирусқа қарсы ем қабылдауда.