Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Павлодарда 9 оқушы коронавирус жұқтырды

1414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 9 мектеп оқушысында коронавирус диагнозы оң нәтиже көрсетті. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда 9 оқушы коронавирус жұқтырды

Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде алғашында 1 мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Санитар дәрігерлердің мәліметінше, оқушымен 44 адам байланыста болған. Нәтижесінде, тағы үш оқушыдан COVID-19 диагнозы тіркелді. Бәрінде де ауру симптомсыз өткен. 

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқанда шағымы жоқ, ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке баруын тоқтатқан, қазір үйдегі карантинде жатыр. Мектеп бойынша жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектепті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жасау жоспарланды. Ол әлі де жалғасып жатыр", дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев. 

Алексеев мектебі уақытқа жабылды. Шешім эпидемиялық ахуалға байланысты қабылданады. 

Бұдан бөлек, ауданда тағы 5 баладан коронавирус анықталған. Ауруға шалдыққандардың 3-еуі Павлодардан, тағы 1-еуі Ақсу ауданынан болып шықты.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталған еді.