Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2020

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды

723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екібастұздың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Ержан Иманзайыповқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшының алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

"Екібастұз – Павлодар облыс пен бүкіл ел үшін де маңызды қалалардың бірі. Жұртшылықпен бірге Екібастұзды дамытудың орта мерзімді бағдарламасын әзірлеу қажет. Мұнда өнеркәсіпті ғана емес, ауыл шаруашылығын да дамыту үшін үлкен әлеует бар. Еңбек ресурстары бойынша мәселелер бар, сондықтан кадрларды даярлайтын мен қайта даярлаудан өткізетін өңіраралық оқу орталығының сапалы жұмысын ұйымдастыру қажет. Маңызды бағыт – инвестиция тарту. Павлодар мен астанаға жақындығы, сондай-ақ дамыған көлік инфрақұрылымы үлкен артықшылық болып табылады", деді облыс әкімі.
 
Ардақ Қаңтарбаев 1968 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясын "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1986 жылы "Екібастұз Энергожилпромстройда" ағаш ұстасы болып бастаған. 1988 жылы әскер қатарына шақырылды.

1989 жылы Алматы зауытында токарь оқушысы және токарь-жартылай автоматшы болып жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – ҰҒА Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері;

2002-2006 жылдары – "Алматы техникалық түгендеу бюросы" ЖШС директоры;

2006-2008 жылдар аралығында Алматы "СейсмоҚұрылысҚорғау" МКҚК басшысының міндетін атқарды және басшысы болды;

2008 жылдан 2009 жылға дейін AlmaRealty.kz ЖШС директоры;

2009 жылы Алматы қаласы әділет департаментінің инспекторы;

2012 жылға дейін жетекші маманның міндетін атқарушыдан осы ведомство басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2012-2016 жылдары Павлодар облысының әділет департаментін басқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.