Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Facebook АҚШ сайлауынан кейінгі тәртіпсіздікке дайындалуда

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы сайлаудан кейін туындайтын тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында Facebook әлеуметтік желісінде дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Facebook АҚШ сайлауынан кейінгі тәртіпсіздікке дайындалуда

Facebook-тің саясат және коммуникациялар бөлімінің бастығы Ник Клегг Financial Times газетіне берген сұхбатында Президенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздік басталса, шұғыл шаралар қабылдайтынын айтып өтті. Сондай-ақ ол компанияның "азаматтық толқуларға" жауап беру және сайлаудан кейін болуы мүмкін "саяси дилеммаларды" азайту үшін бірқатар шектеу шарасын ойластырғанын айтты.

Бұдан бөлек, ол Facebook-ке шабуылдаушылар аталған ақпараттарға қарсы шаралар қолдана алады деп өз жоспарларының егжей-тегжейін ашудан бас тартты.

Еске сала кетейік, АҚШ-та  президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37