Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

Германияда ауру жұқтыру азаймай тұр

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роберт Кох атындағы институттың мәліметіне қарағанда Германияда бір күнде тағы 2 мыңнан астам адамнан вирус табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияда ауру жұқтыру азаймай тұр

Дәлірек айтар болсақ, 2194 азаматтан SARS-CoV-2 анықталып, жалпы алғанда 265 857  адам вирус жұқтырған.

17 қыркүйектегі институт хабарламасында 24 сағаттың ішінде 3 пациенттің тіршілік тынысы тоқтап, ел көлемінде пандемия басталғалы 9371 адамның құрбан болғаны жария етілген.

Федералды жерлерден құралған мемлекетте індет басталғалы ауру тіркелуі жөнінен Бавария (63 632), Солтүстік Рейн — Вестфалия (63 565) және Баден-Вюртемберг сынды аймақтар (46 041) алдыңғы орындарда келеді.

Үкімет сақтық шараларын күшейтіп, халық көп жиналатын дәстүрлі мереке, карнавалдарға тиым салғанның өзінде Германия халқы вирус салмағын әлі де сезініп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан көміріне кедергі жоқ

Экономика • Бүгін, 10:10

Жалпыұлттық жауапкершілік

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 10:00

Brexit қателік болды ма?

Әлем • Бүгін, 09:45

Өнімді еселеуге септеседі

Өндіріс • Бүгін, 09:40