Футбол • 17 Қыркүйек, 2020

Құрлық додасында гол соқты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасында гол соқты.

Құрлық додасында гол соқты

Жерлесіміз өнер көрсететін БАӘ-нің «Аль Айн» командасы Азия чемпиондар лига­сының топтық кезеңінің үшінші турында қатарлық «Аль Саддпен» кездесіп, 3:3 есебімен тең тарқасты.

Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Ойынның 5 минутында Того құра­масының ойыншысы Лабаның қанжығасы майланса, араға 30 минут салып қонақтар сапында Акрам Афиф көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті.

Кездесудің 38-минутында әмірлік командасы алға шықты. Исламхан айып алаңы­ның сыртынан жойқын соққы жасап, чемпиондар лигасындағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Бұл кешке қонақтар сапында Касорла (55-минут) мен Бунеджах (60-минут) мергендік танытса, Хоухи («Аль Садд») автоголдың авторы атанды.

Соңғы жаңалықтар

Өзгермелі ту

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ерік-жігердің ерекше үлгісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Балдан бұлақ ағызған мереке

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ғылым үшін жан пида

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02