Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020

Екі жол апатынан 4 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл ауданының орталығы Явленка селосына кіреберіс тасжолда ескі "Москвич" көлігіне мінген 79 жастағы жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігіне жол бермей, оған қатты соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі жол апатынан 4 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алды

Нәтижесінде, өзі мен жанында отырған әйелі оқиға орнында қайтыс болды. Ал артта отырған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Осы екі көлікке қатты келіп қалған "ВАЗ 2106" көлігінің жүргізушісі де соғылып, алған жарақаттарымен ол ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықтаудың алдын ала болжамы бойынша "Москвич" автокөлігінің жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo ауыр жүк көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде, 3 көліктің соқтығысуы орын алған.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Шал ақын ауданында болды, онда Ұзынжар ауылының маңында "УАЗ-452А" мен "КамАЗ" көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жолаушы қаза тапты. "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.