Спорт • 07 Қыркүйек, 2020

Алтыншы кезеңде топ жарды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велоспорттан әйгілі «Тур де Франс» додасының алтыншы кезеңінде «Ас­тана» командасы мен Қазақстан құра­масының спортшысы Алексей Луцен­ко жеңіске жетті.

Алтыншы кезеңде топ жарды

Бұл кезеңде спортшылар Ле Тей мен Эгуаль арасы, жалпы 191 шақырымды жү­ріп өтті. Қазақстандық Алексей Луценко қарсы­­­лас­­тарынан қара үзіп, мәреге бірінші болып жетті. Ол жарыс кезінде пелотоннан алты ми­нутқа озып кетті. Мәреге жақын тұс­та Лу­ценко мен негізгі топтың арасы үш ми­нут­ты құрады.

Дегенмен «Астананың» бұрынғы велошабандозы Фабио Ару (UAE Team Emi­ra­tes) мен Хесус Эррада (Cofidis) біз­дің спортшыға айтарлықтай қарсылық көр­сет­кен. Алайда жарыс жолының аяқталуына он шақырым қалғанда Арудан қауқар кетті. Ал Эррада соңына дейін күрескенімен, Луценко қарсыласынан оқ бойы озып, мәреге бірінші болып келді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше