Аймақтар • 18 Тамыз, 2020

Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды

1550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицейлер үш жасар баланы аман-есен тапты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды

15 тамыз күні сағат 21:30 шамасында "102" нөміріне Әл-Фараби ауданының тұрғыны баласының жоғалып қалғанын хабарлаған. Осы хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің №966 автоэкипаж қызметкерлері Б.Ахметов және С.Абилов шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Жақын аумақтардың барлығын қарап, тұрғындардан сұрастырған.

Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде үш жасар бүлдіршін Әл-Фараби ауданы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан табылып, аман-есен анасына жеткізілді. Балақайдың анасы оқыс оқиғаның алдын алып, ұлын дін аман тауып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді. Осы орайда, полиция қызметкерлері барлық ата-аналарға өз балаларына тиісті деңгейде көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

«Такси апа» таңдау жасады

Референдум • Бүгін, 12:51