Спорт • 12 Тамыз, 2020

Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа лигасының ширек финалдық сайыстары аяқталып, бас жүлде үшін тартысты жалғастырып жатқан үздік төрт команда анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

Осы аптада көгілдір экранға көз тіккен жанкүйерлер төрт бәсекені тамашалады. Кеше Донецкінің "Шахтері" Швейцарияның «Базель» клубының тас-талқанын шығарды. Есеп – 4:1.

Испанияның "Севильясы" мен ағылшындардың "Вулверхэмптон" арасындағы бәсекенің тағдыры кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда шешілді. 88 минутта Пирней түбегінен келген өрендердің осы матчтағы жалғыз голды соқты – 1:0.

Ал оның алдында Италияның "Интері" Германияның "Байер 04" клубын 2:1 есебімен ұтса, Англияның "Манчестер Юнайтеді" пен Данияның "Копенгагені" негізгі уақытта бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Овертаймда ағылшындардың асығы алшысынан түсті – 1:0. Бұл бәсекелердің барлығы да Германияда өтті.

Енді жартылай финалда "Шахтер" мен "Интер" және "Манчестер Юнайтед" пен "Севилья" шеберлік байқасады. Бұл кездесулер 16 және 17 тамыз күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025