Елорда • 11 Тамыз, 2020

Елордада үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр

"Имунитетті нығайтып, спортпен тұрақты шұғылданудың қажеттігін жағдайдың өзі көрсетіп берді. Өндіріс, Көктал-2 және Железнодорожный елді-мекендерінде ірі дене шынықтыру - сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылы тағы бір құрылысты бастаймыз. Бүгін жұмыс уақытына дейін елді-мекенде орналасқан бірқатар нысанның құрылыс барысымен таныстым. Көктал-2 елді-мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені орналасқан орталықта спортпен шұғылдануға арналған секциялар, ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдерінің арналған клуб және т.б. болады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Көктал-1 елді-мекенінде екі мектептің құрылысын жүргіземіз. Біреуі 1200 орынға есептелсе, екіншісі 500 орындық (қолданыстағы оқу орнының аумағында орналасқан). 2020 жылы барлығы 12 мектеп салып, пайдалануға береміз», - деп жазды Алтай Көлгінов.