Медицина • 06 Тамыз, 2020

Алматыда медицина қызметкері COVID-19 туралы анықтама сатқан

2208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін коронавирустық инфекцияға теріс нәтиже беретін анықтаманы сатқан. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Алматыда медицина қызметкері COVID-19 туралы анықтама сатқан

Жалған анықтамаларды беру фактісін Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады.

"Коронавирусқа теріс нәтижемен ПТР анықтамасын бергені үшін сыйақы түрінде 25 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған 1984 жылғы медицина қызметкері ұсталды", делінген хабарламада.

Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны осы жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық жалған анықтама бергенін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.