
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері алдымен "Бақытты шаңырақ" қорының жақында ашылған орталықтарына соғып, науқас сәбилерді емдеу-сауықтыру шараларына арналған жұмыстарымен танысып, қор қызметкерлеріне көмек сөмкелерін табыстап қайтты. Сол жерге жиылған ата-аналар қауымы мен қор қызметкерлеріне Ерболат Нұрылдаұлы ізгі тілегін білдіріп, аздаған насихат айтты.
Қайырымдылық көмегінің көлемдеу болуына байланысты қалған жәрдем сөмкелері "Бақытты шаңырақ" қорының қоймасына табысталып, өкілдік қызметкерлері карантин режимін сақтай отырып аталған мекенжайға жеткізді.