Руханият • 05 Тамыз, 2020

Алматы орталық мешітінде 500 отбасына көмек көрсетілді

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен іске асқан QURBAN-2020 онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен 500 отбасына әлеуметтік (азық-түлік) көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Алматы орталық мешітінде 500 отбасына көмек көрсетілді

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасыға Алматы Орталық мешіті әзірлеген арнайы көліктер арқылы үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

"Ел арасын жұқпалы індет жайлап, карантин режимі енгізілген уақытта қаржылай тұралаған отбысыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек көрсетіп, аталған акцияға үлес қосқан барша жанашыр жамағат пен қайырымды азаматтарға, соның ішінде "Magnum" сауда үйіне ерекше алғыс білдіреміз", дейді Орталық мешіт ұжымы.