Әлем • 04 Тамыз, 2020

Бразилияны коронавирус індеті босатпай тұр

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияда пандемия басталғалы 2 750 318 адам вирус жұқтырғаны жайлы REGNUM хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бразилияны коронавирус індеті босатпай тұр

Қазір бразилиялықтар түгіл, әлем жұртшылығы бұл елден келетін әр мәліметке елеңдейтін болар. 210 млн халқы бар, өмірі бір қайнап жатқан қызу тірлік – карнавал, би, әнмен көзге елестейтін Бразилияның SARS-CoV-2 патшалық құруымен тіршілігі мүлде өзгерген. Кешегі күні  тағы да 16 164 бразилиялықтың ауру жұқтырғаны мәлім болды. Өткен айдың соңғы тәулігінде ел президентінің жұбайы Мишель Болсонаруды да SARS-CoV-2 айналып өтпегені жазылған еді.

COVID-19 Бразилияны құрсауынан босатар емес, бүгінгі күнге дейін 94 665 адамның мына дүниедегі тыныс тіршілігін тоқтатқан тажал індет елді қатты алаңдатып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025