Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Оралда 30 медбике айт мейрамына сыйлық алды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Орал қаласында covid-19 дертімен тікелей күрескен 30 медбикенің отбасына азық-түлік себетін таратты, деп жазады Egemen.kz

Оралда 30 медбике айт мейрамына сыйлық алды

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Мұсылман жұртының ең ұлық мерекелерінің бірінде Оралдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері ерекше қайырымдылық акциясын жасады. Акция коронавирус індеті басталғаннан қауіпті дертпен алысып, инфекциялық және провизорлық стационарларда күні-түні еңбек еткен медбикелерді қолдауға арналған. Аурудың жанында күні-түні болатын, ең ауыр да қауіпті жағдайда қызмет ететін бұл медбикелердің арасында өз отбасы жәрдемге мұқтаж болып жүрген қызметкерлер де аз емес. Ассамблея өкілдері мұқтаж жандарға көрсететін дәстүрлі қайырымдылық шарасын бұл жолы ақ желеңді абзал жандарға бағыштады.

"Елімізде "Мың алғыс!" атты жалпыұлттық акция өтіп жатыр. Шынында да дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ең қиын жағдайда жұмыс істейді. Олардың көпшілігі өз туыстары мен жақындарын көрмей қызмет етуде. Біздің Ассамблея құрамындағы этномәдени бірлестік өкілдері осы жолы бірауыздан медицина қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, азық-түлік себетін таратуды ұйғарды. Адам баласының бір-біріне деген мейірімін күшейтіп, ізгілікке, кешірімге шақыратын ұлы мейрам күні барша жерлестерімді, соның ішінде дәрігер қауымын құттықтаймыз", дейді Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

Ассамблеяның мүшелері азық-түлік себеттерін өз көліктерімен мекенжайға дейін жеткізіп берді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше