Абай • 31 Шілде, 2020

Абай мұрасы – ортақ құндылық

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылымыздың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынды.

Абай мұрасы – ортақ құндылық

Елбасының жеке архиві, кітапханасы мен музейінің қор материалдарынан жасақталған көрме философия, әдебиет, поэзия, музыка салаларымен ұштасқан кемеңгердің мұрасынан сыр шертті.

Көрмеге қойылған Елбасы Н.Ә.На­зар­баев­тың халық алдында ұлы ақын жайлы сөйлеген сөздеріне қарап-ақ қа­зақ халқының тарихи санасы мен мә­дени мұрасын жаңғыртудағы маңыз­ды­лығын аңғаруға болады. Тұңғыш Пре­зи­денттің әр баяндамасы үлкен ой­шыл­дың шығармашылығына талдау жа­сай­тын­дықтан, ғылыми зерттеуге та­тыры анық.

Мысалы, 1995 жылғы 9 тамызда Абай Құ­нан­байұлының 150 жылдығына орай Алма­тыда өткен салтанатты жиында Елбасы былай деген еді: «Абайдың терең ойы мен пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кір­піш болып қаланып жататын нақты іске айналса, тіптен құба-құп. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден-бір белгісі де осы...». Бүгінгі ұрпақ Абайды адамзатқа ортақ құндылықтардың тұтқасы деп қа­был­дайды. Олардың түсінігіндегі Абай – қырғиқабақтан азат бейбітшіл ұста­нымдардың үлгісі, Елба­сы бастам­а­ла­­рының негізіне алынған абы­рой­дың тұғыры. Қоғамның рухани тіре­гіне айнал­ған ойшылдың мұрасы құндылықтар са­бақ­­тастығын сақтап қала бермек.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50