Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде

"Қазіргі уақытта қалада шамамен 6,900 нысан бар, олардың барлығы дерлік дезинфекцияланды. Өңдеу тұзды ерітіндімен жүргізіледі. Кәсіпкерлер нысандарды өз қаражатына өңдейді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.

Жақында залалсыздандыру келесі нысандарда жүргізілді: "Тұлпар" сауда кешені, Орталық базар, "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы, "Ақ Бота" сауда орталығы, "Орбита" сауда үйі, Asia Park, "Аружан" сауда-ойын-сауық орталықтары, "SMALL" сауда желілері, "Ailand Astana" ОДО,  Magnum (Тұран даңғылы 55), "Шарын" базары, "Sine Tempore" сауда үйі, "Рахмет" сауда үйі, "Абу-Даби Плаза", сондай-ақ авто-ХҚКО-ларды қосқанда, барлық қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары. Халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер, атап айтқанда, ХҚКО, банктер, қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік қашықтық белгілерін орнатуда.

Хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстанда карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды.