Медицина • 28 Шілде, 2020

Алматы инфекционистері дезинфекция пневмония тудырады деген ақпаратты жоққа шығарды

187 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Алматының кейбір тұрғындары коронавирус инфекциясының таралауын тежеу мақсатында қала аумағына өңдеу жасалатын дезинфекциялаушы қоспалардың денсаулық үшін зиянды деп қауіптенуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы инфекционистері дезинфекция пневмония тудырады деген ақпаратты жоққа шығарды

Осыған байланысты Алматы инфекционистері қалада жүргізілетін дезинфекция пневмония тудырады деп тарап жүрген ақпаратты жоққа шығарып, осыған байланысты түсініктеме берді. 

Дәрігер-инфекционист, вирусолог, биоқауіпсіздік бойынша маман, доктор Phd Қарлығаш Әбдиева барлық препараттардың тиісті тексерулерден өткенін атап өтті.

"Дезинфекцияның пневмония тудыруы мүмкін емес, себебі дезинфекцияға арналған барлық препараттар қаншалықты улы болатынына тексеріліп, тест жасалады. COVID-19 вирусы беткі (үстіңгі) қабатта ұзақ сақталады, канадалық Pathogen Safety Data Sheets (PSDSs) зерттеулеріне сәйкес, коронавирус белгілі бір ылғалдылық пен температурада 7-9 тәулік сақтала алады. Сол себепті үстіңгі қабатты тиісті препараттармен дезинфекциялау вирустың таралуының алдын алуда қажет", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, Қарлығаш Әбдиеваның айтуынша, COVID-19 вирусы күрделі, сөйлесу кезінде науқас адамның сілекейінен вирусы бар микротамшылар бөлінеді және олар беткі қабатта шамамен 30 минут бойы сақталады. Сондықтан дезинфекция қажет, әсіресе, елде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбейген кезде.
"Біз бәріміз бет арқылы қалай жұғатынын білеміз, науқас адам келіп, жақтауды (перила) ұстауы мүмкін, одан кейін оны басқа адам келіп ұстайды, кейін өзінің қолын бетіне апаруы мүмкін. Соның салдарынан тиісті дезинфекцияның болмауынан COVID-19-дың инфекцияны байланыс механизі арқылы таралу мүмкіндігі артады", - дейді Қарлығаш Әбдиева.

-Көшелерді, тұрғын үй кіреберістерін дезинфекциялау коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда маска тағу және қолды жиі жуу сияқты қажетті шаралардың бірі.

Өз кезегінде, инфекциялық бөлім меңгерушісі, фтизиохирург, Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында дезинфекция пневмония тудырады деген ақпараттың шындыққа сәйкеспейтінін атап өтті. Ол тұрғындарға арандатушылыққа берілмей, ақпаратты ресми, ғылыми дерек көздерінен тексеруге кеңес берді.
"Қазір ресми дерек көздері бар. ДДСҰ ресми жарияланған дерек көздері, ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің, 100% зерттеу жүргізетін ғылыми танымал журналдар бар", - деген Абзал Малбасқанов атауы жоқ арналарға сенудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бүгінде Алматыда көпшілік пайдаланатын орындарға дезинфекция жүргізудің 28 кезеңі жүргізілуде, медициналық мекемелердің аумақтары, сауда нысандары, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері және аулалары және азаматтар көп жиналатын басқа да орындар. Кіреберістер мен аулаларға дезинфекциялық өңдеу жүргізу үшін "Глюзамин" және "Акма-Хлор" деген 2 түрлі дезинфекциялық құралдар қолданылады. Бұлар отандық өндірістегі тексеруден өткен, ҚР Кедендік Одағының санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келетін препараттар. Олар өндірілуіне, жүзеге асырылуы мен пайдаланылуына рұқсат етілген препараттар реестріне тіркелген. Аталған құралдар бактериялар, вирустар, қышымаларға қарсы тиімді, қауіптілігі төмен 3 топқа және қауіптілігі аз заттардың 4 тобына жатады, тітіркендіру әрекеті жоқ және адамдар үшін, жануарлар және құстар үшін зияны жоқ.

Осы жұмыстарға қолданылатын қоспалар аталған ұйымдардың арнайы оқудан өткен және куәлігі бар жауапты дезинфекторлар дайындайды. Тұрғын үйлердің кіреберістерін, ойын алаңдарын, көпшілік пайдаланатын басқа орындарды дезинфекциялау адамдар жоқ кезде, дезинфекциялау уақытын ескертумен жіне қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру арқылы жүргізіледі. Қала тұрғындарына өңдеу жасалғаннан кейінгі 5 сағат көлемінде аталған орындарға бармау ұсынысы жасалады.

"Акма-Хлордың" өзіне тән иісі бар екенін, ал "Глюзаминнің" иісі жоқ екенін атап өткен жөн. Сол себепті "Акма-хлор" ерітіндісін пайдаланып нысандарға өңдеу жүргізілген кезде адамдар препараттың иісін сезуі мүмкін, ал "Глюзамин" дезинфекциялық ерітіндісін пайдалану кезінде иісін сезбейді.

Алматыда қолданылып жатқан дезинфекциялық препараттарға жүйелі зертханалық бақылау жүргізіледі, бақылау қала басшылығының ерекше назарында. Лабораториялық зерттеулердің санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін тұрғын үй саясаты басқармасы дайын дезинфекциялық ерітінділерден сынама алып, оны "Алматы қаласының ұлттық сараптама орталығының" филиалына жеткізеді.
Халық короновирустық инфекцияныны тарату көзі науқас адам немесе симптомсыз науқас екенін естен шығармағаны жөн. Ауру жүргізіліп жатқан дезинфекциялық шараларға қатысы жоқ әртүрлі формада симптомсыз (жеңіл түрі) немесе өкпенің патологиялық зақымдануы мен аурудың өршуі орын алатын ауыр түрде болуы мүмкін.