Қоғам • 28 Шілде, 2020

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаты берілуде

1375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың шілдесінен бастап жылдығы 2%-бен "Бақытты отбасы" жеңілдікті ипотекалық несиелендіру бағдарламасы іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаты берілуде

Бұл аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар үшін теңдессіз қолдау. Бастапқы жарна әкімдіктер берген тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% құрайды. Бұл ретте, тұрғын үй құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн теңгеден және қалған өңірлерде 10 млн теңгеден аспауы тиіс.

2019 жылға 50 млрд теңге беру жоспарланған болса, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 50 млрд теңгеге 5 028 қарыз берді. 2020 жылға жоспар 100 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджетті нақтылауға байланысты 49 млрд теңге бөлу мақұлданды. Қаражат 2020 жылдың маусым айында түсті. Ағымдағы жылдың 16 шілдесіне ҚТҚЖБ 17,6 млрд теңгеге 1 750 қарыз берді. 2020 жылдан бастап 2023 жыл аралығында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайынғы беру жоспары жылына кемінде 10 мың өтінімді немесе шамамен 100 млрд теңгені құрайды.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша бүгінгі таңда 209 аз қамтылған азаматқа "Бақытты Отбасы" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алу үшін тұрғын үй сертификаты берілді (Алматы облысы – 88, Павлодар қаласы – 58, Нұр-Сұлтан қаласы – 60, Атырау қаласы - 3).

Жергілікті бюджеттерден ағымдағы жылы әкімдіктер 509 млн теңгеге жуық қаржы (Шымкент қаласы – 100 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 50 млн теңге, Алматы облысы - 359,2 млн теңге) қарастырған.