Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Ақмола облысында 66 шақырым жол жөнделді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында жолшылар белгіленген мерзімнен бұрын жолдардың 2 учаскесін пайдалануға беріп отыр. Жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында 66 шақырым жол жөнделді

Атап айтқанда, Р-7 "Бурабай курорттық аймағы жолы" (0-10 шақырымы) учаскесіндегі жұмыстар аяқталды. 

Мердігер "Көкшетау жолдары" ұйымының мамандары жолдың қозғалыс бөлігін қалпына келтіріп, жолдың тегістеу қабатын жайластырды, жол жиегін нығайтты, жолдың қозғалыс бөлігін таңбалады. Жол жабындысының жоғарғы қабатын төсеу кезінде қиыршық тас және мастика қоспасынан жасалған беріктілігі жоғары асфальт-бетон қолданылды.

"Бұдан бөлек, мердігер "Көкшетау – Атбасар" жолының (102-158 шақырым) 56 шақырымын орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтады. Мұнда жол жабындысының жоғарғы қабатын жайластыру кезінде жолшылар ұсақ түйіршікті асфальт-бетонды пайдаланған болатын. Жөндеу жұмыстарына 33 адам мен техниканың 20 бірлігі жұмылдырылды", - делінген хабарламада.