Әлем • 24 Шілде, 2020

Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылмақ

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стамбулдағы Айя-София мешітінде соңғы 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Айя-София мешітінде 86 жылда алғаш рет жұма намазы оқылмақ

Бүгінгі намазға кемінде 1500 адам оның ішінде ел басшысы Режеп Тайып Ердоған да қатысады деп күтілуде.

Сонымен бірге, Түркияның Дін істері басқармасының басшысы Али Эрбаш Айя-София ішіне ниет еткен барлық адам сыя алмайтынын, олар үшін мешіт жанында орналасқан Сұлтанахмет алаңында арнайы орын ұйымдастырылғанын атап өтті.

О

Айта кетейік, Түркияның мемлекеттік кеңесі тарихи жәдігерді музей ретінде тіркеу туралы үкіметтің 1935 жылғы жарлығын жою туралы шешім қабылдаған болатын.