Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.
Өңір басшысына жүгінгендердің кейбірі қалалық, аудандық әкімдіктердің және облыстық басқармалардың кеңсе әдеті бойынша қайтарылған жауаптарына шағымданды.
Әбілқайыр Сқақов көтерілген мәселелерді тұрғындармен егжей-тегжейлі талқылап, оларды өз бақылауына алды. Өңір басшысы әкімдер мен құзырлы қызмет басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. 23 шілдеде Әбілқайыр Сқақов бейнеконференция байланысы арқылы 10 адамды қабылдады.
Азаматтарды қабылдағаннан кейін облыс әкімі қол астындағыларға формалды жауаптар беру практикасын тоқтатуды және тұрғындармен ашық диалог құруды, мәселелердің байыбына барып, оларды шешуге бар күштерін салуды тапсырды.
Өңір тұрғындары Әбілқайыр Сқақовқа өздерінің проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Тұлға • Кеше
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше