Қоғам • 23 Шілде, 2020

Алматы студенттер Альянсы коронавирусқа қарсы үндейтін футболка шығарды

830 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық студенттер альянсы коронавирусқа қарсы үндейтін футболка шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы студенттер Альянсы коронавирусқа қарсы үндейтін футболка шығарды

Әлем жұртшылығын әуре-сарсаңға салған пандемияның зардабы біздің елге де ауыртпалығын алып келді. Соған қарамастан халқымыз психологиялық иммунитетті бәсеңдетпей, тығырықтан шығудың жолын іздеуде. Осы орайда Алматылық студенттер альянсы "Жақыныңа жанашыр бол", "Дәрігерлерге мың алғыс", "Маска тақ", "Арақашықтықты сақта" деген сөздер жазылған бірнеше футболканы нарыққа шығарды. Аталған киім түрін шығаруға жергілікті жас кәсіпкерлер демеуші болып, қолдау көрсетіп келеді.

Алматы студенттер Альянсының төрағасы Жасұлан Қуандықтың айтуынша, футболкалардағы жазу жастардың төтенше жағдайға бейжай қарамауына үндейді.

– Пандемиямен бүкіл дүние жүзі күресіп келе жатыр. Бұдан Қазақстан жастары да тыс қалмай, Алматы студенттер Альянсының атынан коронавирустық инфекциядан сақтануға үндейтін жазулары бар футболкалар шығардық. Осылайша жастарды індетпен күресуге, елдегі кезекті жағдайға салғырт қарамай, бетперде тағып, сақтық шараларын сақтап жүруге шақырамыз. Өзіміз бен жақындарымыз үшін сақ жүрейік! – дейді Жасұлан Қуандық.

1

Ұйым басшысының айтуынша, коронавирус індетімен күресуде бүкіл дүние жүзі әрі-сәрі күй кешуде. Қазіргідей сын-сағаты туған мезетте "Біз біргеміз!" ұранын ту еткен қазақстандық жастар да теңізге тамған тамшыдай болсын өз үлестерін қосып қалуға тырысып бағуда. Алдағы уақытта да Алматы студенттер Альянсы игі істің одан әрі жалғасын табарына сенімі мол!

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше