Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.

Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды

"Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы жоспар жүргізілді. Жүргізілген іс - шаралар нәтижесінде Алтынсарин ауданы, Сатай селосының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Ол мас күйінде осы ақпаратты қасақана хабарлаған. Қазір  ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұның сыртында, лаңкестік туралы жалған ақпарат таратып, жедел қызметтерді әбігерге салған адам полицияға келтірілген бүкіл шығынды өтейтін болады", -  деді департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025