Медицина • 21 Шілде, 2020

"СҚ-Фармация" базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

"СҚ-Фармация" базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады

"Арнайы жүк борттарын жеткізуді жеделдету есебінен дәрілік заттарды бөлшек саудамен толықтыру бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі кеңейтіліп, дәрілік заттардың айлық қорын қарастырудамыз", дейді Денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылдың 22 шілдесіне дейін медициналық ұйымдарға бір айлық қажеттілік мөлшерінде дәрілік заттар жөнелтілетін болады. Сондай-ақ "СҚ-Фармация" ЖШС базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады.