Әлем • 16 Шілде, 2020

Twitter ауқымды хакерлік шабуылға ұшырады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Twitter микроблогының сервисі кеше кешке ауқымды хакерлік шабуылға ұшырады. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Twitter ауқымды хакерлік шабуылға ұшырады

Олардың ішінде бизнесмен Элон Масктың, миллиардер Билл Гейтстің және демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденнің әлеуметтік желісінде ақаулар пайда болған.

Хакерлер парақшаларды бұзып, барлығына Bitcoins табу ұсынысымен бір типті хабарлама орналастырған: "Төмендегі мекенжайға жіберілген Bitcoins сізге екі есе қайтарылады. Егер сіз 1000 доллар жіберсеңіз, біз 2000 доллар қайтарамыз. Мұны тек 30 минут аралығында қолдануға болады", деп хабарлайды.

Twitter-ге қатысты тергеу ісі басталып та кетті. Компания аталған олқылықтарды реттеу кезінде кейбір функциялардың өзгеретіні туралы желі қолданушыларына ескерту жасады.

Әлеуметтің желінің атқарушы директоры Джек Дорси: "Біз үшін ауыр да, қорқынышты күн болды", дейді ол.

Еске сала кетейік, Элен Маск және Билл Гейтс әлемдегі бай адамдардың бестігіне кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше