Коронавирус • 08 Шілде, 2020

Атырауда 6 156 адам коронавирус жұқтырды

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері өңірде қауіпті індетті жұқтырушылар қатары күрт өсті. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, 27 наурыз - 7 шілде аралығында симптомсыз науқастарды қоса есептегенде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 6 156 адамға жетті.

Атырауда 6 156 адам коронавирус жұқтырды

Науқастар Жылыой ауданынан көп анықталып отыр. Бұл ауданнан 2822 адам індетке шалдығыпты. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз кенішіндегі кәсіпорындардың  жұмысшыларынан  расталыпты.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі – 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар.  Оның ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал,  1 902 науқас қауіпті індетке шалдыққандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан  медициналық көмекке жүгіну кезінде   белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.

Қазір облыста коронавирус жұқтырған  6 156 науқастың арасынан 1 476 пациент ғана сауығып  шықты.

 

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше