Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Түркістанда сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу нәтижесінде 372 млн теңге үнемделді

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен  «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде,  2020 жылдың 6 айында  жалпы соммасы 372 млн теңгеге жуық  бюджет қаражаты үнемделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу нәтижесінде 372 млн теңге үнемделді

Бұл туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай биылғы біріншіжартыжылдық қорытындыланған баспасөз брифингінде мәлімдеді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде жыл басынан бері 50 мыңға жуық адамды қамтыған  460-тан аса түрлі бағытта іс - шаралар өтіпті. Сондай-ақ брифинг барысында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған тың бастамалар Департаменттің жанынан құрылған "Түркістан – адалдық алаңы"  жобалық кеңсесінің негізінде іске асып, қазіргі таңда киелі өңірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін бірқатар жобалар жүйелі жұмыс жасап жатқандығы айтылды.Биылдың 6 айында Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 102 қылмыс тіркелген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар - 76, ал жедел жолмен бүгінгі күнге - 73 қылмыстық іс анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім байқалған.

Сондай - ақ, Мирас Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша - 12 қылмыс тіркелгенін және жыл басынан бері анықталған қылмыстардың саны 14 - ке жеткендігін айтты. Анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 811,8 млн тенгені құраған, ал оның 805,9 млнтеңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылу арқылы  өндірілген.