Аймақтар • 04 Шілде, 2020

Көктөбенің түлектері "Teacher office" кабинетін сыйлады

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан орталығы  Көктөбе ауылында  "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған мектепте 466 оқушы білім алуда, - деп жазады Egemen.kz

Көктөбенің түлектері "Teacher office" кабинетін сыйлады

Суретті түсірген: Олжас Ақылбеков

Қуаныштысы, араларында Мұхтар Бексұлтан, Ілияс Ақерке Алматы облысынан келсе, Дәуітәлі Жасар, Бүрлен Аружан және Қуаныш Ұлнар  Қытай елінен келген 40 оқушы бар.

Бұл оқушыларға  киім-кешек, оқу құралдары беріліп, тегін тамақтану  бойынша жағдай толық жасалған. Мектепте,  фотосурет, ұшақ, көлік  макетін жасау,тігін тігу үйірмелері және  қуыршақ театрында оқушылар көптеп келуде. Мектеп директоры  Саниял Зілкеновтың айтуынша, қазір жазғы демалыс болса да, қашықтықтан лагерь жұмысын бастап кеттік.

Мектептегі барлық оқушылар инстаграмм парақшасына қосылып, жоспар бойынша бөлінген бағыттарда жұмыстарын салып тұрады. Жаз бойы оқушылар мұғалімдер бақылауында болады.

Ал "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы  бойынша соңғы екі жылда 4 жас маман   Жұпарзат  Бағлан,  Сәуле Берікова,  Нұртас  Берік, Анар  Мадиярова сияқты жас мамандар қызмет етуде. 

Биыл  Бауова Маржан, Әбілшайықов Нариман, Қуан Қабылбек, Байбосынова Гүлия, Жақыпов Төлеген, Ермекова Майгүл, Таева Асем, Касенова Жадыра, Қорабаев Серік, Белгібаев Алмаз, Байжасарова Гүлқанипа, Шүкітаева Аида және тағы басқа 2000 жылы мектеп бітірген  түлектер  жаңа модификациялық үлгідегі  "Teacher office"кабинетін  сыйға тартты.

 

Павлодар облысы,

Май ауданы