Аймақтар • 04 Шілде, 2020

Елордалық полиция қызметі күшейтілген режимге көшеді

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полиция қызметкерлері 5 шілдеден бастап, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралардың енгізілуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді. Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қатысты қолданып жүрген заңнамаға сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Елордалық полиция қызметі күшейтілген режимге көшеді

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы мен коронавирус инфекциясының лезде таралуына байланысты, Мемлекеттік комиссия 2020 жылдың  5 шілдесінен бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.  Эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрсетілген шектеу шаралары ұзаруы немесе күшеюі мүмкін.

"Дауыс зорайтқыш арқылы байланыс азаматтарға қолданылып жатқан ережелер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс.  Инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз", деп атап өтті полиция департаменті өкілдері.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын үйлер ауласы мен адамдар көп жиналатын жерлерді аралайтын болады.