Қазақстан • 03 Шілде, 2020

2020 жылдың І жарты жылдықтағы ИИДМ-нің заң шығару қызметі туралы

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында 2 заң қабылданды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

2020 жылдың І жарты жылдықтағы ИИДМ-нің заң шығару қызметі туралы

1) "2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы". 2019 жылға арналған халықаралық шарттар жоспарына сәйкес әзірленген, 2020 жылғы 2 сәуірде қол қойылды.

2) Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. ҚР Парламентінің депутаттары бастамашылық жасады, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша әзірленді (ЖҰЖ-ның 77-тармағы), ағымдағы жылдың 9 маусымында қол қойылды.

Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында 4 заң жобасы жатыр:

  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы". 2019 жылғы заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді, 2019 жылғы қыркүйекте енгізілді, Мәжілістің екінші оқуы жоспарлануда);
  • "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы";
  • "2007 жылғы суға батқан кемелерді алып тастау туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы".

Бұл заң жобалары 2019 жылға арналған халықаралық шарттар жоспарына сәйкес әзірленді.

ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес:

1) ҚР Парламентіне 2 заң жобасы – "Ерекше тауарларды бақылау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

2) ҚР Әділет министрлігіне 1 заң жобасы – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" енгізілді. ҚР Премьер-Министр Кеңсесіне шілде айында, Парламент қарауына қыркүйек енгізіледі.

Сондай-ақ, осы мерзімде орталық мемлекеттік органдардың 15 тұжырымдамасы және 22 заң жобасы қаралды. Оның ішінде
15 тұжырымдама мен заң жобасы бойынша Министрліктің қызмет салалары (тұрғын үй қатынастары, сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары, өнеркәсіптік қауіпсіздік, авиация, көлік және жер қойнауын пайдалану) бойынша ұсыныстар берілді.

Заңға тәуелді актілерге келсек, 2020 жылдың 1 жарты жылдығында 268 Заңға тәуелді НҚА әзірленіп, бекітілді. Оның 77-сі ҚР Үкіметінің Қаулысы, 191 бұйрық. Министрліктің 2020 жылға арналған нормативтік құқықтық актілер дайындау жоспары бойынша ҚР Үкіметінің 4 қаулысы, 11 бұйрық бар. ҚР Үкіметінің 9 қаулысы, 119 бұйрық қабылданған Заңдарды іске асыруға арналған. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмалары бойынша ҚР Үкіметінің 64 қаулысы, 61 бұйрық.

755 НҚА-ға қатысты мониторинг жүргізілді, оның ішінде 6 НҚА анықталып, қазір сәйкес келтіру сатысында.