"Белгіленген 14 күндік карантин бойынша мониторинг жүргізіліп, қорытындылар шығарылатын болады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады. Бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе - медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін, инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады", деді Премьер-министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, тамыз айына дейін ПЦР-тесттермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізілетін болады.
"Барлық медицина мекемелеріне техникалық қажеттіліктер алынды және алынып жатыр. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған емес және тоқтамайды да", деді Е. Тоғжанов.
Медициналық мекемелерді қажетті құралдармен жабдықтау бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:09
Облыс әкімі тасқын қаупі жоғары ауылдардағы жұмыстармен танысты
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Жоғары білім бағдарламалары: Климаттық өзгерістер
Университет • Бүгін, 15:05
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бокс • Бүгін, 13:13
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Университет • Бүгін, 12:34